Ата-аналар назарына!
«Бала өміріндегі жәбірлеу»
Құрметті ата-аналар! Бала өз балалық шағын қауіпсіз етіп өткізу керек.Мәселенің маңыздылығына байланысты «жәбірлеу»мен «баламен қатал болу» түсініктерінің мәнін анықтау қажет.
1.Бала тәрбиесіндегі қатыгездік дегенді қалай түсінеміз?
2.Балаға қатысты зорлық дегенді қалай түсінеміз?
Ересектер балаға қатал болады,егер:
1.Өз артықшылықтарын көрсетсе:
2.Балаға малай,құл ретінде қараса:
3.Балаға тікелей қатысты немесе оның тағдырына қатысты шешімдер туралы хабарламаса:
4.Әңгіме кезінде оның сөзін бөлсе.
1.Баланы жәбірлеудің келесі түрлерін ажыратады:
2.Балаға физикалық жәбірлеу жасалады,егер:
1.оны ұрып соқты:
2.оның денсаулығын бұзды:
3.оның жыныстық тәуелсіздігін бұзды:
4.оны туыстарынан,ата-анасынан және достарынан айырды:
1.Балаға психологиялық жәбірлеу жасалды,егер:
1.намысқа кір келтірсе:
2.балағаттаса:
3.баламен байланыс кезіндебіртектілікті ұстанбаса:
4.баланы ұялтса:
5.баланы ақпаратты басқа ересек адамға хабарлау үшін қолданса:
6.оны қорқытса.Қорқыту әрекеттері көзқарастар,бой,жас,айқай,балаға,оның ата-анасына,достарына,жануарларына және т.б қатысты үрей көмегімен іске асырылады.
1.Балаға жыныстық жәбірлеу жасалды,егер оны (оның рұқсатымен немесе рұқсатынсыз) ересек адам қанағаттану мақсатында жыныстық қатынасқа салса:
2.Баланы экономикалық жәбірлеу жасалды,егер:
1.оның негізгі қажеттіліктері қанағаттандырылмаса:
2.оның тәртібі ақша көмегімен қадағаланса:
3.ересектер отбасы ақшасын шашса:
4.ажырасу кезінде бала экономикалық сауда құралы ретінде қолданылса.
ХХ ғасырдағы өмір сүрген ұлы ағартушы,дәрігер,және гуманист Януш Корчаг «Балалық шақ қобалжусыз,жауапкершіліксіз және айналаның барлығы тек қуаныш әкелетін шақ»-деп түсіндірген.
Шынына келсек,бала өмірі,-қобалжулар тізбегі.Бала бәріне тәуелді,ешнәрсеге құқығы жоқ,ересектер оны адамға санамайды.Ата-ананың есіне отбасының көңіл-күйі мен баланың сыртқы және ішкі жәбірленуден дайындыққа әзірлігінің дәрежесі арасында тікелей тәуелділік бар.Айта кететін жайт,жасөспірімдер үшін референт топ құрдастарының мінез-қылықтары мәнді әсер етеді,сондықтан сіздің балаларыңыздың досы кім екенін білген мңызды. Берілген шақтың тағы бір ерекшелігі-тыйымға әсерлері.Көбінесе тыйым теріс әрекетке әкеледі.Бала үндемей өз-өзіне,терең ойға батуы мүмкін.Сондықтан бұл кезде балалармен топтық қатынастар тиімді болып келеді,олар оқшаулану сезімінің келуіне және бала сезімдерінің тұрақтандырылуына әсер етеді.
Ата-ана үшін ескерту
1.Өз балаларыңызбен сенімділік қатынасын сақтаңыз.
2.Отбасында бала кез келген мәселелерді,оның ересектермен қатынастарын қоса,талқылай алатындай арақатынастар жасау керек.
3.Балалар өз өмірлерінің құбылыстары немесе достары туралы айтып жатқанда,оларды мұқият тыңдаңыз.
4.Баланы жан қобалжуларымен бөлісуге ынталандырыңыз,бұл апаттан сақтаудың маңызды шарттардың бірі.
5.Сіз балаңыздың басқа балалармен немесе ересектермен қатынастарын білуіңіз керексіз.Бір-біріңізден еш нәрсе жасырмаңыз,себебі балалар қатерлі жағдайларды жиі жасырады.
Егер сіздің балаңыз жәбірленгенін айтса,не істеу керек?
А) оған сеніңіз.Ол басынан өткен жәбірлеу туралы өтірік айтпайды,егерде толқып,бүге-шүгесіне дейін айтса да.
Ә) Оған ұрыспаңыз.Себебі,жәбірленуші бөтен біреу,ал зардап шегуші-сіздің балаңыз.
Б) Оған түсіністік көрсетіп,оны мұқият және шыдамды тыңдаңыз.
В) «Қатерлі ешнәрсе болмады,барлығы да өтеді»деген сөздермен оның ауыртпалығын кемітпеңіз.
Г) Оған теріс бұрылмаңыз: егер ол сізге келіп,ұрыс үрей және ашуға кезіксе,ол оған жәбірленуден де ауыр тиюі мүмкін.











