Бұдан 30 жыл бұрын 1964 жылы республикада Маңғыстау жарты жылының мұнай кенін игеруге байланысты, Мақат-Маңғыстау темір жолы салынды. Осы жолдардың бойында Құлсары станциясы бой көтеріп, теміржол қалашығы салынды. 1964 жылы теміржол қалашығында №468 мектеп дүниеге келді. Ол алғаш рет 2-класты көлемде ашылды. Оның алғашқы мұғалімдері Л.А.Горюнова, Н.А.Петрова болды. Кейінгі жылдары класс көлемі көбейіп, орысша бастауыш мектепке айналды.
1971 жылдан бастап А.П.Чехов мектебінің орыс кластарымен толығып, 8-жылдық мектепке ауысты. Оның алғашқы директоры болып Наурызбай Тлепов, оқу ісінің орынбасары Л.Н.Горюнова болды.
1976 ж.бастап мектепке қазақ кластарын қабылдады. Осы жылы мектепке, Ю.А.Гагарин есімі берілді. 1976 жылдан бастап мектеп орта мектепке ауысты. Бұл жылдардың ішінде мектеп өміріне Л.Н.Горюнова қызығы да, қиындығы да мол жұмысқа ерекше атсалысты. Осы жылдары мектепке жаңа күш болып, топ мұғалімдер келді. Олар Ж.К.Хайруллина, Т.В.Архипова, С.Я.Бекметова, К.Молдағалиева, К.Тегіспаева еді. 1980 жылы тұңғыш түлектер – орыс класс оқығандар бітірді. Олардың қатарында Д.Сабетов, В.Черков, Жұмағалиев, Т.Исахаева, А.Тайпановалар болды.
1983-86 жылы мектепке көп ұлттың 42 өкілдері оқыды. Осы жылдары 720 оқушы оқыды. 1983 жылы мектептен 65 түлек бітірді, оның біреуі қазақ класы саны 40 түлек, екіншісі орыс класс 25 түлек бітірді. Олардың класс жетекшілері Ж.К.Хайруллина мен Т.Сапахова болды. Сөйтіп, мектебіміз кейінгі жылдары аралас орыс мектепке айналды. Мектеп оқушылары сан түрлі ұлтттардың өкілдерінен құралды. Ынтымағы күшті мектеп коллективтеріне айналды. Мектептің алғашқы жылдарында білім ордасы ер жету, есею шақтары бастан кешірсе, кейінгі жылдары толысу, нығаю, кемелдену кезіне аяқ басты. Н.А. Петрова, З.С.Жұбаниязова, А.Д.Надирова оның бастауыш кластарында еңбек етсе, орта буынмен жоғарғы кластарда С.Я.Бекметова, Р.С.Надыршина, Р.Х.Сейдахметова, Т.Ж.Сапахова, Г.И.Ниғметжанова, Н.К.Қабдешова қажырлы еңбек етті.
Мектепте Қазақ ССР үздік қызметкерлері болып Ж.К.Хайруллина, В.Н. Хабибуллин, А.И.Мелешкевичтер жас ұрпаққа өздерінің терең блімдерімен дәріс берді. Осы жылдардың ішінде мектеп өмірінде директор болып А.И.Мелешкевич, Ж.К.Хайруллина ерекше еңбек етті. Сол сияқты жас ұрпаққа дәріс бере отырып, осы мектептен М.Қараманов, О.Берегенов, О.С.Коретенко еңбек демалысына шықты.
Қазіргі мектепте 78 ұстаз еңбек етуде. Мектеп басшысы І санатты бастауыш сынып мұғалімі Танатарова Майра Абугалиевна болды. Олар оқушыларға, сапалы білім, саналы тәрбие беруде. Соңғы жылдары мектебіміз жаңа жас тәжірибелі мұғалімдермен толықты.











