Атырау облысы Білім беру басқармасының Жылыой ауданы білім бөлімінің « №13 жалпы орта мектебі» КММ-ның сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің қорытындысы бойынша анықтама.
Қазақстан Республикасы Премьер – Министрі Кеңсесінің Басшысы Ғ.Қойшыбаевтың 2021 жылғы 19 наурыздағы №23-14/01-82//413 п.116 тапсырмасына сәйкес және Жылыой ауданы білім бөлімінің 07.04.2021 жылдағы №04-04-02/969 санды шығыс хаты негізінде «№13 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ жұмыс тобымен 2021 жылдың наурыз – сәуір айлары аралығында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді.
Атырау облысы Білім беру басқармасының Жылыой ауданы білім бөлімінің « №13 жалпы орта мектебі» КММ-ның іс –әрекеті Атырау облысы әкімдігінің 3 қаңтар 2021 жылғы №271 қаулысы негізінде қызмет атқарады.
Қызметкерлерді басқару: штаттық бірлік бойынша қызметкерлер саны – 110 бірлік. Оның ішінде: қызмет атқаратын педагогтар саны - 70, қызметкерлер-24, баланы 3 жасқа дейін күтуге байланысты демалыста -16 қызметкер.
Қызметкерлердің орта жасы – 35-36 жасты құрайды.
Атырау облысы Білім беру басқармасының Жылыой ауданы білім бөлімінің «№13 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ қызметкерлерінің лауазымдары квалификация- лық талаптарға сай бөлінген.
Мекемеде кәсіби біліктіліктерін көтеру бойынша қайта даярлау курстарына жіберу және санаттарын көтерудің аттестаттау кестесі мен уақыты сақталған.
Еңбек тәртібін бұзушылық фактілері тіркелмеген. Жыл көлемінде еңбек тәртібін бұзушылық жоқ.
Талдау жүргізілу кезінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы заң бұзғандығы үшін сотталған немесе қылмыстық іс жасағандарды жұмысқа қабылдау фактілері анықталмаған. Шиеленісу жоқ.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу кезінде мүдделер дауы, мемлекеттік сатып алу фактілерін бірлескен қызмет (жұмыс) берушінің жақын туыстары мен жекжаттарының, ерлі-зайыптылар анықталған жоқ.
"Ақпарат" тақтасында азаматтарды қабылдау кестесі мен сенім телефондары: 8(7123742438) орналастырылған.
Негізгі мектеп ғимаратының 1 – қабатында азаматтардың және лауазымды тұлғалардың заңсыз әрекеттеріне байланысты өтініштеріне арналған «Сенім» жәшігі орнатылған, келіп түскен шағымдар жоқ.Әр аптаның жұма күні «Сенім жәшігі» жауапты тұлғамен ашылып тексеріледі.
2020-2021 жылдың қолданыстағы заңнаманы бұзушылық бойынша азаматтар мен заңды тұлғалардың өтініштері, мәселелері, қызметкерлердің әрекеттеріне түскен шағымдар жоқ.
Атырау облысы Білім беру басқармасының Жылыой ауданы білім бөлімінің « №13 жалпы орта мектебі» КММ мен ұйым қызметкерлеріне тән жағымсыз жарияланымдар бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланбаған.
Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру бойынша «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс» бойынша мектепте «Адалдық, Әділдік, Парасаттылық», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет» тақырыптарымен халық арасында насихаттау және түсіндіру мақсатындағы кезекті даярланған жадынама үлгілері көрнекті жерге орналастыру тапсырмасы орындалып, мектеп фойесінде «Адалдық алаңы», «Адал ұрпақ», « Парасатты азамат» стенділері, «Өз өзіне қызмет көрсету бұрышы» жасақталып, мектептің ата-аналарына арналған ақпараттық тақталар «Ата-аналар үшін» бұрышына ілінді.
«Рухани-адамгершілік және азаматтық-патриоттық тәрбиелеу мәнінде мектеп ортасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бағдарламасын жүзеге асыруда» мектепте сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудың мақсатын көздеген түрлі жоспарлы шаралар уақытылы өткізілуде.
Мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша заң бұзушылық - жоқ.
2021 жылға арналған мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың жылдық жоспары Мемлекеттік сатып алу Ережесіне сәйкес интернет-ресурсында, www.goszakup.gov.kz. веб-порталында орналастырылған. Бұзушылық жоқ.
Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында:
- қызметкерлер мен ата-аналар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама мен ақпараттық-насихаттау жұмыстарын белсенді жүргізу;
- білім алушылар бойында патриотизм, сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбиелеу жұмыстарын жалғастыру;
- құқықтық жаппай оқыту бойынша қолданыстағы заңнаманы түсіндіру және оған енгізілетін өзгерістер және толықтырулар жайлы сабақтар жүргізу ұсынылады.
«Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидалары» талаптарына сай « №13 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің қорытындысы мектеп сайтында орналастырылады.
Мектеп директоры М.А.Танатарова











