Қамқоршылық кеңесінің жиналысы
Хаттама №1
Құлсары қаласы 23 қыркүйек 2020 ж
Күн тәртібінде:
Қатысушылар: 9 –кеңес мүшесі,1- мектеп басшысы.
Қатысқандар:
Танатарова Майра Абуғалиқызы-мектеп директоры.
Дарментаева Раушан –оқу ісі орынбасары.
Шыңғысова Нұршат – тәрбие ісінің орынбасары
Хайруллина Света –әлеуметтік педагог
Нұрымов Асхат - кеңес төрағасы
Бурамбаева Айнагүл –кеңес мүшесі
Жолдасқалиқызы Жанаргүл –кеңес мүшесі
Утегенова Бақтыгул –кеңес мүшесі
Бисембаева Назгул –кеңес мүшесі
Бегежанова Болдық –кеңес мүшесі
Акмулдиева Шарипа –кеңес мүшесі
Утегенова Моншақ –кеңес мүшесі
Нагиев Еркин –кеңес мүшесі
- Қамқоршылық кеңес құрамын бекіту,мүшелер құрамын өзгерту.
- Жылдық жоспармен таныстыру.
Тыңдалды:
Мектеп директоры: Танатарова Майра биылғы оқу жылында білім беру ұйымдарындағы қашықтықтан оқытуға байланысты (ZOOM) платформасы арқылы жиын өткізілді. Қамқоршылық кеңестің қызметімен жалпы ережелерімен таныстырып өтті.
білім беру ұйымы алқалы басқару нысанының бірі болып табылады.Қамқоршылық кеңесінің қызметі мектеп әкімшілігімен, жергілікті атқарушы органдармен, мүдделі ведомстволармен, ата-аналар және басқада ұйымдармен қарым-қатынаста болады.
Қамқоршылық кеңес мектепте оқитын оқушылар мен қамқорлықсыз қалған отбасы балаларымен,жағдайы төмен аз қамтылған отбасы балаларына қолдау көрсетіп,қиын жағдайда қол ұшын беріп, материалдық көмектер де көрсету мақсатында құрылды.
Қамқоршылық кеңесінің атқарар қызметі мол. Кеңес мүшелері және ата-аналар, мұғалімдер болып байланысымызды күшейте отырып бірлесе жұмыс атқарамыз деген ойдамын. Қамқоршылық кеңестің жұмысы жүру үшін, барлығымыз бірлікте, ынтымақта жұмыс атқарамыз деп сенім білдіремін.
Қамқоршылық кеңес төрағасы: Нұрымов Асхат – мен осы кеңестің төрағасы ретінде айтарым мектептегі шаралар мен жиналыс қамқорлықтағы оқушылармен тығыз байланыста болады.Қашықтықтан онлайын форматта болсада мектеп тарапынан білім тоқтап қалған жоқ,балаларымыз тиісті білімін алып жатыр деп ойлаймын.Биылғы оқу барысында мектеп инспекторы ауысуына байланысты қамқоршылық кеңестің құрамы өзгеруін қаперлеріңізге беремін.Жанаргүл қызмет бабына байланысты ауысып жатыр екен.
Ата-ана: Акмулдиева Шарипа- осы ұйымның мүшесімін.Қамқоршылық кеңесіне сайлау үшін осы жерге жиналып отырған жайымыз бар.Қамқоршылық кеңесінің қызметі таныс,мектепке жол,қайырымдылық шараларында,мектеп тәртібіне байланысты жиындарда, жағдайы төмен отбасы балаларына жәрдем беріп,мектеппен тығыз байланыста жұмыс атқарып келеміз.Құрамымыз жаңа инспектормын толығып жатырғанына қуаныштымыз.
Ата-ана: Бисембаева Назгул –кеңес мүшесі
Менің ұл-қызым осы мектепте оқиды.Өзімде осы мектепте көп жылдар бойы қызмет атқардым.Мектептегі болып жатырған барлық жағдаяттармен танысып біліп отырамын.Ата-ана жиналыстарына қатысып тұрамын.Биыл қашықтықтан оқуға байланысты мектеп тарапынан көптеген көмектер беріліп жатыр екен.Жаңа инспектордың келуі де жақсы нышан деп ойлаймын,біздің балаларымызға тәртіп беріп кешкісін тыныштығымызды қамтамасыз етіп,оқушыларды қадағалауда үлесі зор деп ойлаймын.
Жолдасқалиқызы Жанаргүл–кеңес мүшесі-құрметті ата-аналар сіздермен азда болса бірге жұмыс жасағаныма қуаныштымын.Қызмет бабына байланысты басқа аумаққа ауысып жатырмын.Сол себепті Окашев Сүндет Борисұлы менің орыныма келіп жатыр.
Алдағы уақытта жұмыстарыңыз жалғасын таба берсін.
Қаулы қабылданды:
1.Қамқоршылық кеңестің жылдық жұмыс жоспары жүйелі жүргізілсін.
2.Қамқоршылық кеңес мүшелері осы құрамда бекітілсін.
Кеңес төрағасы: Нұрымов Асхат
Хатшы: Бурамбаева Айнагул











