Қамқоршылық кеңесінің жиналысы
Хаттама №1
«№13 жалпы орта білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Құлсары қаласы
12 .09.2021 жыл
Қатысушылар: 9 –кеңес мүшесі,1- мектеп басшысы.
Қатысқандар:
Танатарова Майра Абуғалиқызы-мектеп директоры.
Дарментаева Раушан –оқу ісі орынбасары.
Тажиева Гульбану – тәрбие ісінің орынбасары
Утаргалиева Гульбану–әлеуметтік педагог
Нұрымов Асхат- кеңес төрағасы
Нагиев Еркін –кеңес мүшесі
Акмулдиева Шарипа –кеңес мүшесі
Утегенова Моншақ –кеңес мүшесі
Бурамбаева Айнагүл –кеңес мүшесі
Утегенова Бақтыгүл –кеңес мүшесі
Берекетова Раушан –кеңес мүшесі
Бегежанова Болдық –кеңес мүшесі
Айтжанова Марина –кеңес мүшесі
Күн тәртібінде:
- 2020-2021 оқу жылының негізгі қорытындысы
- ҚР Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі «Білім беру ұйымдарының қамқоршылық кеңесінің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» №355 бұйрығымен танысу
- Қамқоршылық кеңесінің жаңа құрамын сайлау, жұмыс жоспарымен таныстыру
Тыңдалды:
Мектеп директоры: Танатарова Майра биыл әлеуметтік педагогымыз отбасы жағдайына байланысты қызметін тәмамдап, орнына жаңа әлеуметтік педагог болып Утаргалиева Гульбану тағайындалды. Биылғы оқу жылында білім беру ұйымдарындағы қамқоршылық кеңестің қызметімен жалпы ережелерімен таныстырып өтті. Білім беру ұйымы алқалы басқару нысанының бірі болып табылады. Қамқоршылық кеңесінің қызметі мектеп әкімшілігімен, жергілікті атқарушы органдармен, мүдделі ведомстволармен, ата-аналар және басқада ұйымдармен қарым-қатынаста болады.
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министірінің 2017 жылғы 27 шілдедегі №355 бұйрығы негізінде бұйрығы негізінде жалпы ата-аналар жиналысының қаулысы негізінде №13 жалпы орта білім беретін мектепте 2017 жылдың 8 қыркүйек айынан бастап Қамқоршылық кеңесінің жұмысы ұйымдастырылды. Қамқоршылық кеңес қызметінің құрамы 9 адамнан жасақталды.
- Нұрымов Асхат- кеңес төрағасы
- Нагиев Еркін –кеңес мүшесі
- Акмулдиева Шарипа –кеңес мүшесі
- Утегенова Моншақ –кеңес мүшесі
- Бурамбаева Айнагүл –кеңес мүшесі
- Утегенова Бақтыгүл –кеңес мүшесі
- Берекетова Раушан –кеңес мүшесі
- Бегежанова Болдық –кеңес мүшесі
- Айтжанова Марина –кеңес мүшесі
Осы құраммен әр тоқсан сайын жиналыс өткізіп өзекті мәселелерді шешуге ат салысып қолымыздан келгенінше көмегімізді көрсетіп шешім қабылдап отырамыз.
Мектептегі әлеуметтік жағдайы аз қамтылған оқушыларды есепке алып,сол оқушыларды мектептегі асханадан ыстық тамақпен, ата-аналармен жеке кәсіпкерлердің қолдауымен «Мектепке жол», «Қамқорлық» акциясы аясында көмектер көрсетіліп, оқушылар киім-кешек пен оқу құралдарымен қамтамасыз етіліп отыра, акция кезінде жеке кәсіпкерлер, жеке тұлғалар үнемі көмектесіп отырады.
2020-2021 оқу жылындағы жазғы демалыс уақытында мектепішілік лагерде - 30 оқушы, басқа қалалардағы лагерлерде Атырау қаласына - 3 оқушы, Орал қаласына -3 оқушы, аз қамтылған, жартылай жетім, көп балалы отбасынан шыққан оқушылар түгел қамтылып демалып келді.
Былтырғы оқу жылында қашықтықтан оқуға байланысты аз қамтылған отбасындағы оқушыларға, карантиндік режимде жұмыстан босатылған, уақытша жұмыссыз қалған отбасы балаларына компьютер, ноутбок, планшеттер, қаржылай көмек ретінде роутер (интернет)желісіне қосылуға, мектеп бойынша аз қамтылған, жартылай жетім, толық жетім, аз қамтылған 20 отбасыға ақшалай (40 мың) теңге көмек берілді. 32 отбасының (58 оқушыға) мектептен компьютер, ноутбоктер берілді. Жеке кәсіпкерлер өз қаржысынан 4 оқушыға роутер(алтел) интернет желісін алып берді. 16 балаға планшет берілді, 66 оқушыға 25000 (жиырма бес мыңнан )киім-кешек алуға ақшалай көмек берілді. 2 жартылай жетім оқушыға және 2 жалғыз басты ата-ана балаларына. Әмірбек Нұршат, Жолдасқали Албина, Алтыбаев Ақтілек, Виноградова Асем. 2020-2021 оқу жылына анықталған аз қамтылған, төтенше жағдайға байланысты оқушы саны 84 оқушы. 3-толық жетім, жартылай жетім-15, бір ата-ана тәрбиесінде -4, көп балалы -39, аз қамтылған -23 отбасы балалары анықталды. Құжаттары жинақталып көмектер ұсынылуда.
Сөз алды
- Қамқоршылық кеңес төрағасы Нұрымов Асхат: Қайырлы күн. Баршаңызды биыл жаңа оқу жылы мен құттықтаймыз. Әлем шарлаған дерттің әсерінен барлығы қашықтықтан білім алды, осы жылы оқушыларымыз мектепке келіп білім алып жатырғанына қуаныштымыз. Биылғы жылы ортамызға келіп жатырған әлеуметтік педагогымызға біріншіден жұмысына сәттілік тілейміз және жұмыс барысында үлкен жетістікке жететініне сенім білдіреміз.
- Кеңес мүшесі Бурамбаева Айнагүл: Қайырлы күн. Биыл мектеп табалдырығын аттап жатырған бүлдіршіндерімізге сәттілік тілеймін. Жаңадан ортамызға келіп жатырған әлеуметтік педагогымызға жұмысына сәттілік тілеймі. Майра Абугалиевнаның сөзіне толықтай келісемін. Қамқоршылық кеңесіне сайлау үшін осы жерге жиналып отырған жайымыз бар. Қамқоршылық кеңесінің қызметі таныс,мектепке жол,қайырымдылық шараларында, мектеп тәртібіне байланысты жиындарда, жағдайы төмен отбасы балаларына жәрдем беріп, мектеппен тығыз байланыста жұмыс атқарып келеміз.
- Кеңес мүшесі Утегенова Моншақ: Біздер былтырдан осы ұйымда мүшеміз. Бұл кеңес мүшелерінің қызметі мектеппен етене араласып қамқорлықсыз қалған балаларға қол ұшын беріп,кез келген мектептегі көмек қолы жетіңкіремей жатырған жағдайлар мен іс-шараларда кеңесіп, көмек беріп отырамыз.
Қорқоршылық кеңесінің отырысында төмендегідей қаулар қабылданды:
- Қамқоршылық кеңестің жылдық жұмыс жоспары жүйелі жүргізілсін.
- Қамқоршылық кеңес мүшелері осы құрамда бекітілсін.
Кеңес төрағасы : Нұрымов Асхат
Хатшы : Бурамбаева Айнагул











