№13 жалпы орта білім беретін мектепте әлеуметтік педагог жұмысының 2019-2020 оқу жылына арналған жылдық жоспары жасақталып, жыл басында бекітіліп, төмендегідей жұмыстар жүргізілді.
Мектеп директорының бұйрығы бойынша оқушылардың әлеуметтік жағдайын анықтайтын комиссия құрылып, мектеп бойынша ыстық тамақпен қамтылуға тиісті балалар анықталды. 2019-2020 оқу жылында 1-4 және 5-11 сынып аралығында әлеуметтік жағдайына байланысты 57 бала анықталып ыстық тамақпен қамтылды. 1-4 сынып бойынша әлеуметтік жағдайына байланысты 29 бала анықталды. Оның 3-еуі толық жетім, 11-ы жартылай жетім, 22-і көп балалы, 18-і аз қамтылған, оқушылар.Бастауыш сынып бойынша ыстық тамақпен барлық бала қамтылған.353 бала ыстық тамақ ішеді. Мектеп асханасында балалар екі кезек бойынша тамақтанады. 1-кезекте 159 бала, 2-кезекте 187 бала. Ыстық тамақпен қамтылатын оқушылардың құжаттары жинақталды. Оқушылардың тамақ ішу кестесі мен ас мәзірі жасақталып, балалардың ыстық тамақпен қамтылуын, тамақтың құрамын, сапасын тексеріп, аспаз бен мектеп медбикесі Тогисова Бибигул мен байланыс жасап отырады. Күнделікті ас мәзірін күнтізбеге байланысты салып отырамыз.Тамақтың спасын мектеп жанындағы комиссия мүшелері үнемі бақылап,тексеріп отырады.Тамақ сапасы жақсы,оқушылар жүйелі тамақтанып отыр.Әр сынып өзіне белгіленген уақытта кезегімен келіп тамақтанады.Мектеп асханасы таза күнделікті тазалығы тексеріліп отырады.Мектеп медбикесі тамақтың құрамын,мөлшерін қадағалап отыр.











