«№13 жалпы орта білім беретін мектеп» мемлекеттік мекемесінде
аз қамтылған отбасы балаларына берілетін тегін ыстық тамақпен қамтудың
сапалы ұйымдастырылуы жөнінде жұмыстардың орындалысы туралы.
№13 жалпы орта білім беретін мектепте әлеуметтік педагог жұмысының 2020-2021 оқу жылына арналған жылдық жоспары жасақталып, жыл басында бекітіліп, төмендегідей жұмыстар жүргізілді.
Мектеп директорының бұйрығы бойынша оқушылардың әлеуметтік жағдайын анықтайтын комиссия құрылып, мектеп бойынша ыстық тамақпен қамтылуға тиісті балалар анықталды. 2020-2021 оқу жылында 1-4 және 5-11 сынып аралығында әлеуметтік жағдайына байланысты 341 бала анықталып ыстық тамақпен қамтылды. 1-4 сынып бойынша әлеуметтік жағдайына байланысты 41 бала анықталды. Оның 3-еуі толық жетім, 16-сы жартылай жетім, 5-еуі бір ата-ана тәрбиесінде, 34-і көп балалы, 21-і аз қамтылған, оқушылар.Бастауыш сынып бойынша ыстық тамақпен барлық бала қамтылған 324 бала ыстық тамақ ішеді. Мектеп асханасында балалар екі кезек бойынша тамақтанады.
1-кезекте 173 бала, 2-кезекте 151 бала. Ыстық тамақпен қамтылатын оқушылардың құжаттары жинақталды. Оқушылардың тамақ ішу кестесі мен ас мәзірі жасақталып, балалардың ыстық тамақпен қамтылуын, тамақтың құрамын, сапасын тексеріп, аспаз бен мектеп медбикесі Тогисова Бибигул мен байланыс жасап отырады. Күнделікті ас мәзірін күнтізбеге байланысты салып отырамыз.Тамақтың сапасын мектеп жанындағы комиссия мүшелері үнемі бақылап,тексеріп отырады.Тамақ сапасы жақсы,оқушылар жүйелі тамақтанып отыр.Әр сынып өзіне белгіленген уақытта кезегімен келіп тамақтанады.Мектеп асханасы таза күнделікті тазалығы тексеріліп отырады. Мектеп медбикесі тамақтың құрамын,мөлшерін қадағалап отыр.
Қыркүйек айынан бастап карантинге байланысты 1-4 сыныптар офлайн оқып асханадан 341 оқушы ыстық тамақпен қамтамасыз етілді.карантиндік шектеулерге байланысты қаңтар айынан бастап 5 ші және 9-11 сыныптар офлайн оқу жүйесіне көшіп,әлеуметтік жағдайына байланысты 16 оқушы құжаттары анықталып ыстық тамақпен қамтамасыз етілді. Оқушылардың тамақ ішу кестесі мен ас мәзірі жасақталып, балалардың ыстық тамақпен қамтылуын, тамақтың құрамын, сапасын тексеріп, аспаз бен медбике байланыс жасап отырады. Күнделікті ас мәзірін күнтізбеге байланысты салып отырамыз.Тамақтың сапасын мектеп жанындағы комиссия мүшелері үнемі бақылап,тексеріп отырады.Тамақ сапасы жақсы,оқушылар жүйелі тамақтанып отырды.Әр сынып өзіне белгіленген уақытта кезегімен келіп тамақтанады.Мектеп асханасы таза күнделікті тазалығы тексеріліп отырады. Мектеп медбикесі тамақтың құрамын,мөлшерін қадағалап отырды
Биылғы оқу жылына да құжаттар жинақталып жатыр.Әзірге 63 оқушының құжаттары дайындалу үстінде.
Әлеуметтік педагог: Хайруллина С.Х











