«№13 жалпы орта білім беретін мектеп» мемлекеттік мекемесінде аз қамтылған отбасы балаларына берілетін тегін ыстық тамақпен қамтудың сапалы ұйымдастырылуы жөнінде жұмыстардың орындалысы туралы мәлімет 2021-2022 оқу жыл
№13 жалпы орта білім беретін мектепте әлеуметтік педагог жұмысының 2021-2022 оқу жылына арналған жылдық жоспары жасақталып, жыл басында бекітіліп, төмендегідей жұмыстар жүргізілді.
Мектеп директорының бұйрығы бойынша оқушылардың әлеуметтік жағдайын анықтайтын комиссия құрылып, мектеп бойынша ыстық тамақпен қамтылуға тиісті балалар анықталды. 2021-2022 оқу жылында 1-4 және 5-11 сынып аралығында әлеуметтік жағдайына байланысты 83 бала анықталып ыстық тамақпен қамтылды. 1-4 сынып бойынша әлеуметтік жағдайына байланысты 34 бала анықталды. Оның 3-еуі толық жетім, 12-ы жартылай жетім, 45-і көп балалы, 18-і аз қамтылған, 5-і бір ана тәрбиесінде оқушылар. Бастауыш сынып бойынша ыстық тамақпен барлық бала қамтылған. 380 бала ыстық тамақ ішеді. Мектеп асханасында балалар екі кезек бойынша тамақтанады.
1-кезекте 209 бала, 2-кезекте 171 бала. Ыстық тамақпен қамтылатын оқушылардың құжаттары жинақталды. Оқушылардың тамақ ішу кестесі мен ас мәзірі жасақталып, балалардың ыстық тамақпен қамтылуын, тамақтың құрамын, сапасын тексеріп, аспаз бен мектеп медбикесі Тогисова Бибигул мен байланыс жасап отырады. Күнделікті ас мәзірін күнтізбеге байланысты салып отырамыз.Тамақтың спасын мектеп жанындағы комиссия мүшелері үнемі бақылап,тексеріп отырады.Тамақ сапасы жақсы,оқушылар жүйелі тамақтанып отыр. Әр сынып өзіне белгіленген уақытта кезегімен келіп тамақтанады.Мектеп асханасы таза күнделікті тазалығы тексеріліп отырады.Мектеп медбикесі тамақтың құрамын,мөлшерін қадағалап отыр.
Әлеуметтік педагог: Утаргалиева Г.Ж.
https://www.13mektep.edugov.kz/kz/mekteptik-tama-tanu/183-az-amtyl-an-otbasy-balalaryna-beriletin-tegin-ysty-tama-pen-amtudy-sapaly-jymdastyryluy-zh-ninde-zh-mystardy-oryndalysy-turaly-m-limet-2021-2022-o-u-zhyl.html#sigFreeId325282d914











